"Medical Science Hub" ғылыми қоғамдастығының ашылуыFarabi University

"Medical Science Hub" ғылыми қоғамдастығының ашылуы

23 қазан, 2024

Бұл қоғамдастықтың мақсаты әл-Фараби ҚазҰУ-да оқитын және жұмыс істейтін жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін ашу, оларда ғылыми ойлау мен ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын дамыту болып табылады. Осы қоғамдастық шеңберінде университеттің докторанттары мен жас ғалымдарына жарияланым дайындауға көмек көрсету, биостатистика және дәлелді медицина бойынша қосымша білім алу, жеке және бірлескен зерттеулерді талқылау кезінде идеялармен алмасу, шетелдік әріптестермен танысу жоспарлануда. "Medical Science Hub" отырыстары айына бір рет саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының базасында өткізілетін болады.

"Medical Science Hub" отырыстарына қатысуға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық мүдделі магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары шақырылады!