- Басты бет
- Жаңалықтар
- География ғылымдарының докторы, профессор Г.В. Гельдыева атындағы аудиторияның ашылды
География ғылымдарының докторы, профессор Г.В. Гельдыева атындағы аудиторияның ашылды

«ТДМ-4 Сапалы білім беру» қол жеткізу мақсатында 2024 жылдың 29 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультеті, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында профессор, доктор Галина Викторовна Гельдыева атындағы №106 аудиторияның салтанатты ашылуы өтті.
Шетелде де танымал ғалым Қазақстанның географиясы мен геоэкологиясына елеулі үлес қосты. Ландшафтты талдау әдістері мен табиғатты қорғау нормаларын әзірлеу бойынша зерттеулері үшін Қазақ КСР Ғылым академиясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрмет грамоталарымен марапатталған. Арал теңізінің құрғаған жерлерін зерттеу, экотуризмді дамыту, ландшафтты картографиялау және шөлейттенуге қарсы күрес бойынша халықаралық жобаларға қатысқан.
Белгілі ғалымның 85 жылдығына орай өткізілген іс-шара ғылыми қауымдастық өкілдері, студенттер мен университет қызметкерлерін біріктіріп, профессор Гельдыеваның география ғылымы мен білім беру саласына қосқан үлесін еске алуға мүмкіндік берді. Ашылу салтанатына құрметті қонақтар қатысты:
- Ахметкал Медеу Рахметуллаұлы – география ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы;
- Борис Валерьевич Гельдыев – «Терра» Орталық Жертану және ГАЖ ЖШС бас директоры, география ғылымдарының кандидаты, Галина Викторовнаның ұлы, аудитория ашылуына бастамашылық жасаған және іс-шараны ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан;
- Веселова Лариса Константиновна – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ картография және геоинформатика кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты;
- Скакова Айжан Амангельдыевна – география ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата сарапшысы-эколог;
- Сутула Евгения Павловна – «Terra Exploration» ЖШС бас директоры.
Жиынға Ахметкал Медеу Рахметуллаұлы, Веселова Лариса Константиновна, Скакова Айжан Амангельдыевна және география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Актымбаева Алия Сағындыққызы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға факультет оқытушылары мен профессорлар құрамы да қатысты, олар Галина Викторовнаның ғылым мен кафедраны дамытуға қосқан үлесін еске алды. Аты аңызға айналған аудиторияның ашылуы профессор Гельдыеваның ғылыми жетістіктері мен педагогикалық мұрасын ұлықтаудың белгісі болды.
Енді №106 аудитория студенттер мен жас ғалымдар үшін білім беру және шабыт алу орнына айналып, оларды отандық ғылымды дамытуға және Галина Викторовнаның ғылыми жолын жалғастыруға жігерлендіреді.
Басқа жаңалықтар


