ТЕАТРЛЫҚ қойылым: Бұл «Шағала» бұрынғылардан өзгерек...
Әл - фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінің бірінші курс «6В02205-Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері БҰҰ-ның Тұрақты Даму бағдарламасының төртінші бағытына жататын «Сапалы білім беру» бағдарламасы аясында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барды.
Аталған іс-шараны Қазақстан тарихы кафедрасының куратор - эдвайзері Ж.М. Бекбауова ұйымдастырды.
Студенттік өмірдің бір парасы - театр. Театр тәлім- тәрбиенің, ой- өрістің және мәдениетттің бастауы. Сондықтан театрмен білім егіз ұғымдай саналады. Осы жолғы сақыналық қойылым «Шағала» - деп аталады. Әлем театрлары үшін Чехов шығармалары әлдеқашан «репертуарлық қойылымдарға» айналған. Автордың «Шағала» шығармасында өткен ғасырдың басындағы орыс қоғамының өмірі емес, бірақ сол өмірді сүріп жатқан адамдардың тағдыры, ішкі жан дүниесі, бір-біріне ұқсамайтын мінез-құлықтарын қалыптастырған мәселелер, жарыққа деген ұмтылыстары маңызды. Уақыт, өмір сүру шарттары, техникалық прогрестің деңгейі өзгеріп отырады, дегенмен, адами қарым-қатынастар мәні өзгеріссіз қалады. Чеховтың кейіпкерлері мұны толықтай көрсетеді – ойдың мәнін ашып, көрерменнің жүрегінен орын алды.«Шағала» - қойылымы студенттер арасында қызу талқыға түсіп, қойылымнан айтылған түйінді ойды түйіп қайтты. Студенттер театрға жиі келіп тұруды дәстүрге айналдыратынын айтты.