"Студенттердің жетістіктері: болашақтағы табыстар үшін шабыт"
2024 жылғы 29 қазанда қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың "Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс" атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Қазақстанның үздік студенті" атты республикалық байқауына қатысып, жеңмпаз атанған "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша студенттерді Арипхан Еркежан Шәріпханқызын, Русланов Дәулетхан Русланұлын, Бөрібай Мөлдір Берікбайқызын құттықтады.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің жетістіктерін атап өту және оларды оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде одан әрі жетістіктерге жетуге ынталандыру.
Әр студентке естелік сыйлықтар табысталды. Олардың оқудағы, ғылыми және қоғамдық өмірдегі жетістіктері біздің оқу орнымыздың барлық студенттері үшін лайықты үлгі болды.
Біз Сіздерді мақтан тұтамыз және университеттің дамуына қосқан еңбегі, адалдығы мен үлесі үшін алғыс айтамыз! Бұл марапаттар сіз үшін сіздің жетістіктеріңізді мойындау ғана емес, сонымен қатар жаңа жетістіктерге мотивация болсын. Алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізуді жалғастырып, батыл алға ұмтылып, одан да үлкен биіктерге жетуіңізді тілейміз! Құттықтаймыз және алда жаңа жеңістер күтіп тұрғанына сенеміз!