- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алматыда Орнықты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру» бағыты барысында 2024 жылдың 1 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына, ғалым, қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор Айдарбеков Зейнәбіл Смайлханұлының 60 жылдық мерейтойына арналған «Цифрландыру ғасырындағы жастардың идеялық-құндылық бағдарлары: ерекшелігі, басымдықтары және тұлғаның әлеуметтенуіне әсері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Алматыда Орнықты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру» бағыты барысында 2024 жылдың 1 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына, ғалым, қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор Айдарбеков Зейнәбіл Смайлханұлының 60 жылдық мерейтойына арналған «Цифрландыру ғасырындағы жастардың идеялық-құндылық бағдарлары: ерекшелігі, басымдықтары және тұлғаның әлеуметтенуіне әсері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
![](/storage/news/182803476467257d64a1c6b901527628_465476279_560782389932387_4188289680779849986_n.jpg)
Алматыда Орнықты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру» бағыты барысында 2024 жылдың 1 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына, ғалым, қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор Айдарбеков Зейнәбіл Смайлханұлының 60 жылдық мерейтойына арналған «Цифрландыру ғасырындағы жастардың идеялық-құндылық бағдарлары: ерекшелігі, басымдықтары және тұлғаның әлеуметтенуіне әсері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы, әл-Фараби орталығы, Түрік халықтары философиялық қоғамының қазақ комитеті, Жібек жолы университеттерінің қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды.
Шараның мақсаты қазіргі қоғамның трансформациясы мен динамикасы аясында жастардың негізгі дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыру.
Конференция қазіргі өркениеттің құндылықтық дағдарысы, оның Түркістанға әсері және одан арылу шарттары: қайнар көзі, негізгі салдары және ықтималды даму көкжиегі, дүниетанымдық бағдарлар дағдарысы және қазіргі әлемдегі жастарды зерттеу: дүниетаным, әдіснама, тәжірибе, ХХІ ғасырдың жаһандық сын-талаптары: қоғамның әлеуметтік дамуын қайта құрудың философиялық, мәдени-тарихи, құқықтық және саяси мәселелері, Білім берудегі цифрландыру: цифрлық технологиялар әлеміндегі жастар бағыттарын қамтыды.
Шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырза қатысты. Министр еліміздегі және әлемдегі ғылым мен білім саласындағы жаңашылдықтарды атап, оқытушының, ғалымның рөлі туралы тоқталды. Сондай-ақ, министр мерейтой иесін құттықтап, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісімен марапаттады.
Шарада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың құттықтауы оқылды. «Сіздің біліміңіз бен білігіңіз Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ халықаралық деңгейде мойындалды. Атап айтқанда, еңбегіңізді Мәскеу, Моңғолия, Бейжің университеттері де жоғары деңгейде бағалады. Осы елдердің оқу орындарының ғылыми қауымдастығы «ғылымның құрметті профессоры» мәртебесін беруі де ерен еңбегіңіздің көрінісінің бір парасы екені көпшілікке аян.
Сізді сыпайы, көпшілікпен тіл табыса білетін жайдары мінезіңіз өмірдің биік белесіне көтеріп келеді. Өз кезегінде ол қоғамдық ұйымдарда, кәсіпкерлік қауымдастықта, саяси-мемлекеттік қызметтерде де әр іске тиянақтылық, ұқыптылықпен қарайтын сыйлы азамат ретінде танымал болуыңызға өз септігін тигізді», ‒ деп атап өткен Жансейіт Қансейітұлы.
Конференция барысында мерейтой иесіне алыс-жақын шет елдерден құттықтау хаттары келді. Мәселен, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Саламат Идрисов, «Бүкілодақтық Ленин Коммунистік Жастар одағы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары комсомол мектебі түлектерінің халықаралық бірлестігі» қауымдастығының вице-президенті, заңгер Рашид Каюмов (Ресей Федерациясы), Ганьсу Саясаттану және құқық университетінің профессоры Күнболат Сұңғатұлы (Қытай Халық Республикасы), Их Засаг халықаралық университеттің 1-ші проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбалын Цэцэгман (Моңғолия) секілді танымал тұлғалар мерейтойлық құттықтауын арнады.
Шара барысында факультет ұжымы атынан философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейрбаевтың құттықтауы оқылды. «Қазақстандық дарынды философтардың қатарына өз ойыңызбен, өз философиялық болмысыңызбен ене алдыңыз. Ғылымдық жолыңыз бүгінде – 100-ге жуық ғылыми мақалалар және құнды монографиялық еңбектеріңізді жазумен үлкен белеске көтеріліп отыр. Қазақ елінің философиялық қауымдастығының беделіне бедел қосатын зерттеу мақалаларыңыз ғылым кеңістігінде әлі де жариялануда. Біз мұны ғылымға және ұстаздыққа деген адалдық, өз ісіне деген үлкен жауапкершілік деп бағалаймыз», ‒ деп атап өткен факультет деканы.
Конференцияға Қонаев Университеті Президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Өмірәлі Жалаири, Шараф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі деканның орынбасары, PhD, доцент Лочин Тұрсынов (Өзбекстан), философия ғылымдарының кандидаты, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің доценті Чолпон Сааданбекова (Қырғыз Республикасы), ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмұратов, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор Венера Ізтаева, Абай атындағы ҚазҰПУ саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Симтиков және тағы басқа да белді ғалым, қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалар қатысты.
Еске салайық, мерейтой иесі Зейнәбіл Смайлханұлы еңбек жолын құрылыс саласынан бастап, жоғары комсомол мектебінен өтіп, кәсіпкерлікпен де шұғылданған. Әрі қарай Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі, Президент Архиві директорының орынбасары, «Қазақ энциклопедиясы» бас редакторының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған. Одан кейін ректор кеңесшісі, университет проректоры болды және оларды т.б. қоғамдық қызметтермен ұштастырған. Бүгінде қасиетті қарашаңырақта болашақ философтарға білім беріп, оларды ғылымға тәрбиелеу жолында.
Форум аясында ғалымдардың ғылыми баяндамалары мен зерттеулерінің жинағы жарық көреді.
Философия кафедрасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/180663413667a35a9979114455749853_1.jpg)
![](/storage/news/307285081067a30ab6d303e853893148_005.jpg)
![](/storage/news/323080056267a30a385ea9e280412823_003.jpeg)