Республика күні – Қазақстанның тәуелсіз, зайырлы, құқықтық мемлекет құрылуының негізін қалаған ұлттық мерекесі.Farabi University

Республика күні – Қазақстанның тәуелсіз, зайырлы, құқықтық мемлекет құрылуының негізін қалаған ұлттық мерекесі.

4 қараша, 2024

Қазанның 24 күні Қазақстан Республикасының мерекесі – Республика күніне орай биотехнология кафедрасының оқытушылары  - Сыдыкбекова Р.К., Омирбекова А.А., Бержанова Р.Ж., Бектилеуова Н.К. «Биотехнология» білім беру бағдарламасының 1 курс БТ 03 және БТ04 топ студенттері мен 2 курс магистранттары  «Тәуелсіздік - ел мерейі» атты ашық кураторлық сағат ұйымдастырылды.

Кураторлық сағат Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындаумен ашылды. Сонымен қоса 1 курс БТ 03 және БТ04 топ студенттері мен 2 курс магистранттары еліміздің екінші гимніне айналған «Атамекен» әнін хормен нақышына келтіре орындады.  Кураторлық сағат барысында еліміздің тарихынан сыр шерттетін демократизация, экономикалық дамуы, білімі мен денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзекті талқылаулар жасап, пікірлерін бөлісті және тарих беттеріне қатысты сұрақтардан тұратын сөзжұмбақтарды шешті. 

Куратор-эдвайзерлер - Сыдыкбекова Р.К., Омирбекова А.А., Бержанова Р.Ж., Бектилеуова Н.К.