- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Философия мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық (Жапония мемлекеті мысалында)» атты ашық кураторлық сағаты өтті.
«Философия мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық (Жапония мемлекеті мысалында)» атты ашық кураторлық сағаты өтті.
Орнықты даму мақсаттарының «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағыты барысында Дүниежүзілік философия күніне орай философия кафедарсының аға оқытушысы, куртор Досжан Балабекұлының ұйымдастыруымен «Философия мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық (Жапония мемлекеті мысалында)» атты ашық кураторлық сағаты өтті.
Философия – барлығымызға ортақ пән, ортақ ғылым. Сондықтан, онымен айналысатындардың да, оған қызығатындар да саны көп. Мәдениеті тереңде жатқан Жапонияның өмірі мен тіршілігіндегі бай философиялық мазмұн ашық сағатта еркін әңгіме өзегіне айналды. Осы мемлекетте алты ай академиялық ұтқырлық бойынша білім алып келген философия кафедрасының 3-курс студенті Иманғали Нүптеке өзінің осы сапардан алған тәжірибесі мен түйген ойларын көпшілік алдында ортаға салды.
Бір сағатқа жуық уақыт шеңберінде Иманғали студенттерге, оқытушыларға Цукуба университетіндегі білім бағдарламасы, студенттік өмір, Жапон халқының мәдениеті, әдебиеті, философиялық ойлары туралы презентациялық жұмысында еркін баяндама жасап, академиялық ұтқырлық бойынша кеңестерімен бөлісті.
Шараға философия, кино және медиа мамандықтарының студенттері қатысып, аталған бағдарлама бойынша сұрақтар қойып, жауаптар алды.
Ал философия кафедрасының меңгерушісі, доцент м.а. Әсет Құранбек, философия кафедрасының кафедра меңгерушісіінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, доцент м.а. Жұмагүл Бекенова, философия кафедрасының магистранты Гаухар Мәдіханқызы Иманғали Нұрманұлының білімдегі және ғылымдағы жаңашылдығы мен ізденімпаздығына алғыс білдіріп, алдағы арман-мақсаттарына сәттілік тіледі!