«Жауапты тұтыну және өндіріс»Farabi University

«Жауапты тұтыну және өндіріс»

7 қараша, 2024

07.11.2024 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық теориясы кафедрасының доценті, з.ғ.к. Мынбатырова Нұрлайым Канбатыровна, «Мемлекет және құқық тарихы» студенттік клубының мүшелері және 405-топ студенттері 12-ші тұрақты даму мақсаты «Жауапты тұтыну және өндіріс» бағытында «Эко» фермерлік базарына барды. Бұл сапардың мақсаты – табиғи өнімдер мен экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен кездесіп, олармен тікелей байланыс орнатып, экологиялық жауапкершілік туралы ойлармен пікір алмасу болды. Студенттер базарда сапалы өнімдерді ұсынып отырған фермерлермен әңгімелесіп, олардың еңбек процесі, табиғатқа зиянсыз әдістермен жұмыс істеуі, сонымен қатар, өнімдерін қалай өндіретіні туралы сұрады. Студенттер үшін бұл тәжірибе өте маңызды болды, себебі экологиялық таза өнімдерді тұтыну және оларды жауапты түрде өндіру – тұрақты даму мақсаттарының негізгі аспектілерінің бірі.