"Мотивация" тақырыбындағы ашық сабақFarabi University

"Мотивация" тақырыбындағы ашық сабақ

8 қараша, 2024

ТДМ-4 «Сапалы білім беру» мақсаты бағытында 2024 жылдың 7 қарашасында «Менеджмент» кафедрасының ағаоқытушысы Тасжарганов Сабит Игілікұлының ұйымдастыруымен «Менеджмент» пәнінен «Мотивацияқызметінің мәні және мазмұны» тақырыбында «6В11301-Лог23к2» тобында ашық сабақ өтті. Сабақ форматы: Бинарлық сабақ. Сабақ барысында мотивациялық видеолар көрсетіліп, топтық және жеке тест-викториналарөткізілді. Сабақ соңында: Үздік көшбасшы, Белсенді қатысушы, IQ Student, Позитивті қатысушы номинацияларыберіліп, сәйкес бағалары қойылды. Ашық сабақ мақсаты-студенттерді интерактивті инновациялық әдістер арқылысапалы білім алуға шақыру, арман қою және табандылық маңыздылығы, қорытыны ретінде айтылды. Жюримүшелері және қадірлі қонақтар: ЭжБЖМ оқу-тәрбие ісі бойынша декан орынбасары - Тажиева С.К., «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі - Смагулова Г.С., «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісініңоқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары- Сокира Т.С. #farabiuniversity #kaznu #hseb #вшэиб #эжбжм #цур #тдм