«Құмар ойындарға тәуелділік қазіргі қоғамның дерті»Farabi University

«Құмар ойындарға тәуелділік қазіргі қоғамның дерті»

8 қараша, 2024

2024 жылғы 13 қарашада биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы Есенбекова А.Е. 6B05108-Биомедицина мамандығының 4 курс студенттерімен «Құмар ойындарға тәуелділік қазіргі қоғамның дерті» тақырыбы бойынша ТДМ 3 шеңберінде кез келген жастағы барлық адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатына жәрдемдесуге ықпал ету мақсатында дәріс өткізілді.
Қазіргі уақытта психоактивті заттар мен құмар ойындарға тәуелділік өзекті мәселе. Іс-шара құмар ойынына тәуелділік мәселесіне және оның қазіргі қоғамға әсеріне назар аудару мақсатында ұйымдастырылды.  
Іс-шара аясында оқытушылар мен студенттер арасында пікірталас жүргізіліп, ойынға тәуелділіктің даму механизмдері және оның денсаулық пен әлеуметтік өмірге тигізетін зардаптары туралы айтылды. Қатысушылар ойынға тәуелділіктің алдын алу және емдеу жолдарын талқылады. 
Стреспен күресу дағдыларын, тәуелділікті дамыту қаупінсіз бос уақытты және ойын-сауықты өткізудің баламалы тәсілдерін дамыту мақсатында тренингтер өткізілді. Қатысушыларға құмар ойындарға тәуелділіктің белгілері, мамандандырылған анықтама орталықтарының байланыстары және өзіне-өзі көмек көрсету ресурстары туралы материалдар ұсынылды. 
Іс-шара аясында салауатты өмір салтының жағымды бейнесін қалыптастыру және мәселеге назар аудару туралы жағымды имиджді қалыптастыруға бағытталған акциялар ұйымдастырылды.