«Балуан Шолақ Баймырзаұлының туғанына 160 жыл»

«Сапалы білім» Тұрақты даму мақсаттарына орай, 2024 жылдың 6-қарашасында медицина және денсаулық сақтау факультеті «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 1-3 курс студенттерінің қатысуымен «Балуан Шолақ Баймырзаұлының туғанына 160 жыл» атты факультеттік іс-шара ретінде, кураторлық сағат өткізілді. «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 3 курс студенттері Балуан Шолақтың өмірінің мәдени және тарихи мұра ретіндегі маңызы туралы, зерттеушілердің еңбегі және тарихи деректері туралы презентация, баяндамалар жасады. Материалдарды нықтау мақсатында кері байланыс ретінде, ойын түрінде сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Шараның соңында эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы меңгерушісінің оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әбілдаева Ақмарал Мұхтарқызы осы тұрғыда пікірімен бөлісіп, іс-шараға оң бағасын берді. Факультеттік іс-шараны ұйымдастырушы аға куратор Арынова Г.А. Балуан Шолақ Баймырзаұлының өмірі мен шығармашылығы туралы іс-шараны қорытындылап, қатысушыларға алғысын айтты. Студенттер Балуан Шолақ Баймырзаұлы туралы білімдерінің толыққанына риза болды.
Басқа жаңалықтар


