- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сапалы білім беру" ТДМ аясында Жазба жәдігер және рухани мұра ҒЗО қызметкері Семейдегі зерттеу іссапарында болып қайтты
Сапалы білім беру" ТДМ аясында Жазба жәдігер және рухани мұра ҒЗО қызметкері Семейдегі зерттеу іссапарында болып қайтты
2024 жылдың 17-19 қыркүйек күндері аралығында "Сапалы білім беру" ТДМ аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО директоры проф. З. Шадкам мен ғылыми қызметкер PhD Ө.О. Тұяқбаев Семей қаласына ғылыми іссапармен барды. Іссапардың басты мақсаты – Шәкәрім атындағы университетте «Ортағасырлық түркі медициналық шығармаларындағы төрт түлік малдың халық емшілігіндегі орны» атты тақырыпта дәріс-семинар ұйымдастыру.
Дәріс-семинар 5-ші корпус, Ж. Үшкемпіров атындағы акт залында өткізілді. Іс-шараға 60-қа жуық тықдарман қатысты, олардың ішінде университет оқытушылары, зерттеушілер және студенттер болды.
Бұл іс-шара қазақ халқының дәстүрлі емшілік мәдениетін, оның ішінде төрт түлік малды емдеу тәсілдерін қамтыды. Аталған зерттеулер ортағасырлық түркі медициналық жазбаларынан алынған деректерге сүйенеді және халық медицинасындағы малдың ерекше рөлін ашады.
Сапар AP19675139 «Ортағасырлық түркі медицинасының парсы тіліндегі мұралары: «Таңсȳқ-нāме Илхāнӣ», «Асрāр ал-атиббā’» ғылыми-зерттеу жобаның аясында ұйымдастырылды. Сапа нәтижесінде ортағасырлық түркі медициналық шығармаларындағы төрт түлік малдың халық емшілігіндегі орны жайлы зерттеулерді қорытындылаумен қатар, ғалымдар Семейдегі Ағаш мешіт пен Абай музейінің сирек қолжазбаларымен танысты. Ағаш мешіттің қорында сақталған 24 қолжазба кітап қаралды, сондай-ақ Абай музейінің сирек қоры зерттелді. Бұл деректер зерттеуге ерекше маңызға ие болып, дәстүрлі медицина және емшілік әдістерін тарихи тұрғыдан бағалауға мүмкіндік берді. Жергілікті халық емшілігіне қатысты мәліметтерді жинау және оларды талдау мақсатында библиографиялық зерттеу жүргізілді. Мұнда емшілік тәжірибелері мен халық арасындағы емдеу әдістері туралы ақпараттар жиналды.
Бұл іссапар – қазақ халқының ортағасырлық медициналық дәстүрлерін зерттеуге және оны ғылыми айналымға енгізуге жасалған үлкен қадам. Бұл іс-шаралар ұлттық мұраны сақтау және оны кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында ғылыми қауымдастықтың назарын аудартты.
Н.Н.Кайранбаева