Эге Университетінде қысқамерзімді зерттеушілік тағылымдама!Farabi University

Эге Университетінде қысқамерзімді зерттеушілік тағылымдама!

11 қараша, 2024

Э.ғ.к., Экономика кафедрасының доценті Ғ.Р. Даулиева AP23489032 «Қазақстан өңірлерінде табыс теңсіздігі және кедейлік деңгейін төмендетуге шағын және орта кәсіпкерліктің әсерін әлеуметтік турбуленттіліктің жергілікті тәуекелдерін азайту тұрғысында зерттеу» гранттық қаржыландыру жобасын орындау шеңберінде Эге университеті, Түркі әлемі зерттеулер институты, Түркі әлеміндегі әлеуметтік, экономикалық және саяси байланыстар кафедрасында 2024 жылдың 5-12 қараша аралығында қысқамерзімді зерттеушілік тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында Эге университеті, Түркі әлемі институтының ғалымдарымен ТДМ, соның ішінде кедейлік және табыс теңсіздігін жеңілдетудің тиімді тетіктерін зерттеу бойынша бірлескен ғылыми  жұмыстарды жүргізу, ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамыту және тереңдету бағыттарындағы жұмыстар талқыланды.