Әлуеметтік саясат – жұмыспен қамтуFarabi University

Әлуеметтік саясат – жұмыспен қамту

11 қараша, 2024

08.11.2024ж. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4 – Сапалы білім беру, ТДМ 17: «Тұрақты дамудағы жаһандық әріптестік») мақсаттарына сай Экономика және бизнес жоғары мектебі «6В04103-Экономика», «6В04109 – Цифрлық экономика», «6В04106 - Қаржы» мамандығының студенттеріне «Цифрлық экономикадағы еңбек нарығы» пәні бойынша бинарлық сабақта Алматы қаласы Еңбек ұтқырлығы орталығының кәсіптік бағдарлау бөлімінің қызметкері Жакупова Еркеш Садыковнамен бинарлық қонақ дәріс өткізілді. Қонақ дәрісі кезінде еңбек нарығындағы мансаптық жолда табысқа жету жолдары, кәсіби даму және мансаптық мүмкіндіктер туралы мәселелер талқыланды.

Еңбек ұтқырлығы орталығының өкілі Жакупова Еркеш Садыковна Еңбек нарығындағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын, заманауи экономикадағы ерекшеліктерін, Жастар саясаты туралы мәселелерді талқылады. Қонақ дәріс студенттерге өте тартымды, қызықты және пайдалы болды.

Қонақ дәрісті ұйымдастырушылар: аға оқытушылар Есенгельдиева Г.Т., Иляшова Г.К.