Циклдық дағдарыстар кезіндегі салық салу жүйесі
.jpg)
08.11.2024ж. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4 – Сапалы білім беру, ТДМ 17: «Тұрақты дамудағы жаһандық әріптестік») мақсаттарына сай Экономика және бизнес жоғары мектебі «6В04106 - Қаржы» мамандығының 3-курс студенттеріне «Макроэкономика» пәні бойынша бинарлық сабақта Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының Бөлім басшысы Баймолдина Арай ханыммен бинарлық қонақ дәрісі онлайн байланыста Zoom платформасында өткізілді. Қонақ дәрісі кезінде Қазақстандағы Салық салу саясаты, салық ставкалары мен түрлері бойынша өзекті мәселелер және кәсіпкерлер үшін салықтық мүмкіндіктер туралы мәселелер талқыланды.
Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Баймолдина Арай ханым Еңбек нарығындағы жұмыскерлерге, кәсіпкерлерге салынатын салық ерекшеліктерін, 2026 жылдан болатын Салық салу жүйесіндегі өзгеріс, жаңалықтар, жалпыға бірдей декларация туралы мәселелерді талқылады. Қонақ дәріс студенттерге өте тартымды, қызықты және пайдалы болды.
Қонақ дәрісті ұйымдастырушы: PhD, аға оқытушы Г.К.Иляшова.
Басқа жаңалықтар

