ҚазҰУ қалашығында инвазивті түр батыс туяны интродукциялау

Қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық іс шаралар жүйесін қалыптастыру бағыты бойынша ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» аясында 2024 жылдың 11 қарашасында сағат 09:30-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығында инвазивті түрлерді енгізу мақсатында Биология және биотехнология факультетінің территориясында Ботаника және фитоинтродукция институтына қарасты Ботаникалық бақтың Оңтүстік питомнигінен арнайы құрғақшылыққа төзімді батыс туясы жерсіндірілді.
Бұл іс шараға Биология және биотехнология факультетінің деканы, профессоры б.ғ.д., М.С. Курманбаева, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры, б.ғ.к. Б.М. Тыныбеков және биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі PhD., қауымдастырылған профессор А.С. Нурмаханова, б.ғ.к., профессор м.а. А.Т. Мамурова, PhD., доцент м.а. А.Ж.Чилдибаева және жас ғалымдар, кафедраның «8D05108-Геоботаника» білім беру бағдарламасының докторанттарының қатысуымен жүзеге асырылды. Жүргізілген іс-шара ҚазҰУ қалашығын көгалдандыру жұмыстарының бірі болып табылады.
Басқа жаңалықтар

