Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектеріFarabi University
Референдум 15 марта

Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

13 қараша, 2024

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жалғасып жатқан стратегиялық ынтымақтастық аясында Шыңжаң университеті (ҚХР) Заң мектебі делегациясының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне сапары өтті. Сапар оқу орындары арасындағы әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ заңгерлік білім беру және ғылыми зерттеулер саласында бірлесіп іске асыру үшін перспективалық жобаларды талқылауға бағытталған.