ЖОО БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕБАТ
![](/storage/news/17647897466734c45e90aa5893165935_WhatsApp Image 2024-11-13 at 201959.jpeg)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі 12.11.2024 күні «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Ғ.Е. Керімбектің төрағалық етуімен және профессор-оқытушылар құрамы: А.С. Асилова, Г.И. Супугалиева, Ж.К. Жорабаева, Т.Б. Жумадилова және «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушыларының ұйымдастыруымен «Тұрақты дамудың» 4 мақсаты – «Сапалы білім беру», 8 мақсаты – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», 17 мақсаты – «Тұрақты даму үшін серіктестікке» сәйкес «Ұлттық валюта – Теңге күні» мерекесіне орай, республикалық деңгейде ЖОО арасында «Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыру саясатына студент жастардың қосқан үлесі» тақырыбында интеллектуалды дебат ойыны өтті.
Интеллектуалды дебаттық сайысқа 12 команда, атап айтқанда: Астана қаласынан Turan-Astana University-нің «Инсайт», Тараз қаласынан М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «ТарФин», Әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Фараби феномендері», Caspian University-нің «Импульс», Narxoz University-нің «Талхиз», «Диванные аналитики», Тұран университетінен «QADAM» және «Neratores», К.Сағадиев ат. Халықаралық Бизнес Университетінің «UIB Fatality», Almaty Management University-нің «Қаржыгерлер» командасы қатысты. Командалар бірнеше айналым бойынша бақ сынап, қаржылық саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікір таластырды. Бұл іс-шара білім алушылардың қаржылық білімін тереңдетіп қана қоймай, қаржылық сауаттылығын арттыруға, олардың кәсіби әлеуетін дамытуға, білікті маман ретінде қалыптасуына және өзара достастыққа ықпал етті.
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/307285081067a30ab6d303e853893148_005.jpg)
![](/storage/news/323080056267a30a385ea9e280412823_003.jpeg)
![](/storage/news/361864136167a30930987f0902137644_002.jpg)