Ұлтқа қызмет етуден бастау. Студенттер арасында кітап алмасу шарасы өттіFarabi University
Референдум 15 марта

Ұлтқа қызмет етуден бастау. Студенттер арасында кітап алмасу шарасы өтті

15 қараша, 2024

2024 жылдың 11 қарашасында 3-курс қазақ бөлімі "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасының студенттері арасында ерекше іс-шара өтті. Оқытылған кітаптардың әсерін күшейту және жастар арасында білім алмасуды дамыту мақсатында студенттер өздері оқыған кітаптарымен алмасты. Іс-шараның белсенді қатысушысы топ эдвайзерінің қолынан "Ұлтқа қызмет ету" кітабын сыйлыққа алды. Бұл кітап әлемнің әртүрлі елдеріндегі мемлекет қайраткерлері мен ұлт көшбасшыларының тарихи рөлі туралы баяндайды.

Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында, әсіресе, ТДМ №4 «Сапалы білім беру» мен ТДМ №16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» мақсаттарына сай ұйымдастырылды. Студенттер арасындағы білім алмасу және тарихи тұлғалардың үлгісін талдау оларды еліміздің болашағына саналы түрде үлес қосуға шабыттандырады. Бұл сияқты іс-шаралар білім беру сапасын арттыруға және болашақ мемлекеттік қызметкерлердің ой-өрісін кеңейтуге ықпал етеді.