Ашық сабақ

19 қараша, 2024

«Жаңа Қазақстан» идеясы аясында білім беру жүйесін жетілдіру, оның сапасын арттыру арқылы зияткерлік әлеуеті жоғары, саналы және жауапты жастарды тәрбиелеуде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен докторанттары университеттің Тұрақты даму мақсаты аясында апта сайын тәрбиелік-танымдық іс-шаралар өткізуде.  «Тұрақты даму мақсатының 4 бөлімі – Сапалы білім беру» негізінде 2024 жылдың 19 қарашасында «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанты Әметова Гүлсім Тінейбекқызының «Көркем шығарманы талдау әдістемесі» пәні бойынша ашық дәріс және семинар сабақтары өтті.

Пән оқытушысы кафедраның аға оқытушысы Шортанбай Шоқан Амангелдіұлы және педпрактика жетекшісі PhD докторы, аға оқытушы Сейсенбиева Элеонора Сарсенәліқызы және докторанттар қатысты.

«6В02326 – Әдебиеттану» мамандығының 3-курсына «Әлеуметтік әдіс тұрғысынан көркем мәтінді талдау» ашық дәріс сабағы және «ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасын әлеуметтік әдіс тұрғысынан талдау» ашық семинар сабағы өтті.

ХХ ғасыр басындағы қазақ жазушыларының проза жанрындағы шығармаларын филология ғылымның теориялық негіздеріне сүйене отырып, зерттеуші ғалымдардың тұжырымдарына сілтеме жасау арқылы тарихи-әлеуметтік және тарихи-қоғамдық әдістер тұрғысынан талдау жүргізілді.

Суденттер дәріске белсенді қатысты. Сұрақ-жауап арқылы ой-пікірлер айтылды, талдаулар жасалды.

Кілт сөздермен жаңа сабақтың тақырыбын табу.

«Тосыннан бөлу» әдісі – топқа бөлу

«Геймификация» әдісі – шығарма талдауда ойын еркін айтып, квест ойын арқылы креативтілікке басымдық беру (шығарма тақырыбын, идеясын, кейіпкер мінездемесін, образдар жүйесін әлеуметтік әдіс тұрығысынан талдату)

Сабақ кезеңдері жүйелі логикалық байланысқа құрылған. Сабақ өз мақсатына жетті.