ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯFarabi University

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

11 қараша, 2024

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2024 жылдың 7-8 қараша аралығында білім ордасының 90 жылдығына арналған «ЦИФРЛЫҚ ШЫНАЙЫЛЫҚ: КАРТОГРАФИЯ, ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ЖЕРДІ ҚАШЫҚТАН ЗОНДТАУДАҒЫ ЖАҢА СҰРАНЫСТАР» атты І халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

     Конференцияның мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалана отырып картография географиялық ақпараттық жүйелер және Жерді қашықтан зондтау саласындағы тенденциялар мен инновацияларды зерттеу және өзекті мәселелерді талқылау. Жиын ғылым мен практик мамандар арасында білім мен тәжірибе алмасуға сондайақ цифрландыру мен технологияның қарқынды дамуы жағдайында заманауи картография мен геоинформатиканың алдында тұрған міндеттерді шешудің жаңа тәсілдері мен шешімдерін табуға бағытталған.

     Шараға білікті ғалымдар мен сарапшылар, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы және білім алушы жастар қатысты. Ғылыми жиынды Инженерлік және жоғары технологиялар кластерінің Ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау орталығы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің Картография және геоинформатика кафедрасы, ТМД елдеріндегі ESRI дистрибьюторы және Data+ International компаниясы бірлесе ұйымдастырды.

    Нью-Йорк мемлекеттік университетінің вице-президенті әрі проректоры, Қоршаған орта және орман шаруашылығы ғылымдары колледжінің профессоры Самюэль Мукаса «Жасанды интеллект дәуіріндегі картография: мәселелер мен мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасап, үлкен деректерді өңдеу құралы ретінде мол мүмкіндіктер ашатын картографиядағы жасанды интеллект рөліне тоқталды.

     АҚШ-тағы Мехарри медицина колледжінің қолданбалы және есептеу ғылымдары мектебінің профессоры Евгений Левин өз баяндамасын қажетсіз қиындықтар мен мифтерді жою арқылы ақпаратты қолжетімді және түсінікті етуге бағытталған ЖИ демистификациялауға арнады.

     Сондай-ақ пленарлық жиын аясында Таяу Шығыстағы, Африкадағы және Орталық Азиядағы Esri компаниясы бас директорының орынбасары Ричард Бадден, Data+International компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Валерий Фомин, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография департаменті Мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Алпамыс Алдаш, министрліктің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Шүленбаев және басқалар баяндама жасады. Конференция жұмысы секциялық жиындарға ұласты.