“Қаржылық саладағы карьера: мүмкіндіктер мен қиындықтар” тақырыбында «Делойт ТСФ» ЖШС-ның қаржылық талдаушысы Ж.Ғ. Байжұманмен өткен Қонақ дәрісFarabi University

“Қаржылық саладағы карьера: мүмкіндіктер мен қиындықтар” тақырыбында «Делойт ТСФ» ЖШС-ның қаржылық талдаушысы Ж.Ғ. Байжұманмен өткен Қонақ дәріс

14 қараша, 2024

2024 жылы 12 қараша күні сағат 10:00-да Тұрақты дамудың 4-ші мақсаты «Сапалы білім беру», 8-ші мақсаты «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» және 17-ші мақсаты «Тұрақты даму үшін серіктестік» аясында «Қаржы және есеп» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушы Жорабаева Жұлдызай Құттықызының «Банктің қаржылық қызметтері» пәні бойынша «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушыларының қатысуымен қонақ дәріс өтті. Қонақ дәріске «Делойт ТСФ» ЖШС-ның қаржылық талдаушысы Жания Байжұман шақырылып, “Қаржылық саладағы карьера: мүмкіндіктер мен қиындықтар” тақырыбында білім алушылар үшін өте мағыналы дәріс оқып және өз ойымен бөлісті.
Дәрісте «Делойт» компаниясының функционалды қызметтері, құрылымдық жүйесі және қазіргі таңдағы әлемдік жетістектері, сонымен қатар компаниядағы карьералық мүмкіндіктер жайлы қарастырылып талқыланды.
Білім алушылар тарапынан өзекті мәселелер бойынша бірнеше сұрақтар қойылып, аудиторияда кері байланыс орнады.

Қонақ дәріс білім алушылар үшін өте пайдалы және әсерлі болды. Теориялық білімді «Делойт» компаниясының тәжірибелі маманымен сабақтастыра ұштастыру, білім алушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттыра түсті.