Бейімбет Майлиннің педагогикалық қызметі және қазақ әдебиетіндегі орны.
Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай 06.11.2024 жылы ұйымдастырылған бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ4) "Сапалы білім беру" және (ТДМ16) "Тұрақты қоғам құру" бағыттарымен тікелей байланысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын дәріптеу арқылы ұлттың мәдениеті мен білімін арттыру, тарихи құндылықтарды сақтап, келер ұрпаққа жеткізу.
Шара барысында қатысушыларға Бейімбет Майлиннің өмір жолы, оның шығармаларының қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелерді көтерудегі рөлі туралы мазмұнды мәліметтер берілді. "Майдан", "Шұғаның белгісі" сияқты шығармаларға шолу жасалып, олардың тарихи және тәрбиелік мәні талқыланды. Жазушының шығармашылығын жаңаша көзқараспен зерттеу арқылы жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін ояту және сапалы білім алуға деген құштарлығын арттыру көзделді.
Бұл іс-шара тек әдеби мұраны насихаттау ғана емес, сонымен қатар ТДМ шеңберінде сапалы білім беру мен мәдени мұраны сақтау арқылы тұрақты қоғам құруға өз үлесін қосатын маңызды қадам болды.
Куратор Андабаева Г.К.