Көмекке мұқтаж отбасыға қайырымдылық іс-шарасыFarabi University

Көмекке мұқтаж отбасыға қайырымдылық іс-шарасы

21 қараша, 2024

Қайырымдылық – біздің өміріміздегі ең маңызды ұғымдардың бірі. Бұл жанашырлық сезімі мен мұқтаж адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс. Дәл осы қайырымдылыққа деген ұмтылысты, адамдарға деген жанашырлық пен сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ТДМ 1 «Кедейлікті жою», ТДМ 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» және «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебі «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты А.С. Асилова ұйымдастыруымен «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері көмекке мұқтаж отбасыға қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Бұл 2 кішкентай бүлдіршіні бар жалғыз басты анаға жасалған көмек. Олардың қиын жағдайда екенін көріп, осы отбасыға қаржылай ақша аударып, азық-түлікпен, керек-жарақтарымен қамтамасыз етті. Ұйымдастырылған қайырымдылық жобасының басты мақсаты тек көмектесу емес, сонымен қатар, студенттердің бойындағы жақсы қасиеттерді ашу болатын. Студенттердің қайырымдылық жасағаннан кейінгі эмоциялары мен ойлары соған дәлел. Олар барлығын өз көздерімен көріп, болашақта да дәл осындай қайырымдылық жұмыстарымен айналысқысы келетінін, қайырымдылық қорларын ашып, мұқтаж адамдарға, отбасыларға көмек көрсеткісі келетінін айтты. Яғни, жобаның басты мақсаты орындалды деген сөз.