«Ұлттық валюта – Теңге күні» мерекесіне орай қонақ дәрісі өткізілді
2024 жылы 14 қарашада «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушысы, э.ғ.к. А.С. Асилова «Сандық қаржы» пәнінен «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерінің қатысуымен «Ұлттық валюта – Теңге күні» мерекесіне орай қонақ дәріс өткізді. Қонақ дәріске ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік» аясында ұйымдастырылған іс-шараға «Қаржылық саланы цифрландыру және жастардың идеяларын қолдау» тақырыбында «Qolday» кәсіпкерлік орталығының, «Атамекен» ҰКП және ЮНИСЕФ халықаралық ұйымының сертификатталған бизнес-тренері, «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы, PhD Жолдасбекова Гүлбақыт Жолдасбекқызы шақырылды.
Қонақ дәріс барысында жастардың идеяларын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар, сондай-ақ жеке қаржы мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, білім алушыларға құнды ақпараттар мен тәжірибелік кеңестер алуға мүмкіндік берді. Мұндай қонақ дәріс қолдау және олардың жарқын болашағына жол ашу үшін аса маңызды!