"Қазақстан-Үндістан: тиімді логистикалық байланыстар"Farabi University

"Қазақстан-Үндістан: тиімді логистикалық байланыстар"

21 қараша, 2024

2024 жылғы 19 қарашада № 16 жатақхананың акт залында кафедра оқытушылары Г.М. Мұхамедиева, Л. М. Ибраева, Р. б. Сартова, М. Б. Чемирбаеваныңжетекшілігімен "Қазақстан–Үндістан: тиімді логистикалықбайланыстар"тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу қонақтары Tara Chand nehra мырза - IndasiaGlobal директоры, Қазақстандағы үнді сауда-мәденипалатасының президенті және Spice Mantra, Fiesta мейрамханаларының басшысы, Үндістан мен Пәкістаннанкелген шетелдік студенттер, сондай-ақ халықаралық саудажәне логистика саласында тәжірибесі бар шетелдік жәнеотандық оқытушылар болды.

Кездесуге қатысушылар екі елдің көлік және саудалогистикасы саласындағы ынтымақтастығының ағымдағыжәне перспективалық бағыттарын талқылады. 

Мұндай іс-шараларды өткізу бастамасы студенттердіңжаһандық экономикалық процестерді тереңірек түсінуінқалыптастыруға ықпал етеді және халықаралықынтымақтастық мәселелеріне қызығушылықты нығайтады. Қатысушылардың қатысуының жоғары деңгейін атап өтугеболады және білім беру және ғылыми жобалар шеңберіндекездесуді жалғастыруға үміт білдіреді.

Іс-шара ТДМ 4 шеңберінде "барлық қамтылған жәнеәділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және баршаға өмірбойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру"аясында өткізілді.