Еліміздің болашағы- жастардың қолындаFarabi University

Еліміздің болашағы- жастардың қолында

21 қараша, 2024

Білімді жастар еліміздің болашағы

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар. (Халық даналығы)

Дүниежүзілік жастар күні – жыл сайын қарашаның 10-жұлдызында аталып өтіледі. Дүниежүзілік жастар күніне арналған ерекше іс-шара ТДМ-4 «Сапалы білім беру» бағытына сәйкес 13.11.2024 жылы студенттер арасында өтті, жастардың шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық қасиеттерін және қоғамдағы маңызын атап өтуге арналды.

Іс-шара бағдарламасы өте мазмұнды болды:

        • жастар өзекті мәселелерді талқылап, идеяларымен бөлісті;

        • өнер және спорт саласындағы талантты жастар өз қабілеттерін көрсетті;

        • қоғамдық маңызы бар волонтерлік жобалар таныстырылды.

Жастар – елдің болашағы ғана емес, бүгінгі күні де өзгерістердің басты қозғаушы күші. Дүниежүзілік жастар күні – олардың жаңашылдыққа ұмтылысын, ортақ игілікке қосқан үлесін мойындаудың айқын дәлелі.

Іс-шараға қатысқан барлық жастарға және оны ұйымдастыруға атсалысқан адамдарға алғысымызды білдіреміз. Бірге болашақты жақсартамыз!