- Басты бет
- Жаңалықтар
- Анкара қаласында өткен тоғызқұмалақтан VI-шы әлем чемпионатына Экономика және бизнес жоғары мектебінің «6В04103-Экономика» БББ 2 курс студенті қатысты
Анкара қаласында өткен тоғызқұмалақтан VI-шы әлем чемпионатына Экономика және бизнес жоғары мектебінің «6В04103-Экономика» БББ 2 курс студенті қатысты
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ-4) «Сапалы білім беру», (ТДМ-11) «Тұрақты қалалар және елді мекендер» және (ТДМ-17) «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағытына сәйкес, Түркия мемлекетінің Анкара қаласында өткен тоғызқұмалақтан VI-шы әлем чемпионатына Экономика және бизнес жоғары мектебінің «6В04103-Экономика» БББ 2 курс студенті Берден Лайлим қатысып, еліміздің намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғады.
Аталған жарысқа әлемнің 15 елінен ең үздік спортшылар жиналып, жоғары деңгейде ұйымдастырылған бәсекеде бақ сынады. Берден Лайлим жоғары дайындық пен шеберліктің арқасында алғашқы бестікке еніп, Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы беделін тағы бір мәрте дәлелдеді. Оның бұл жетістігі – тек жеке жеңіс қана емес, сондай-ақ еліміздегі сапалы білім мен мәдени мұраны насихаттаудың айқын көрінісі.
Бұл жеңіс – еліміздің болашағы жарқын, рухы мықты, білімді жастарының әлемдік арнада да бәсекеге қабілетті екенінің айқын дәлелі.