Ұлттық валюта -теңге күніне арналған ашық кураторлық сағат
2024 жылы 4 қарашада «Қаржы және есеп» кафедрасының эдвайзері, э.ғ.к. А.С. Асилова эдвайзерлік тобы «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінің қатысуымен «Ұлттық валюта – Теңге күні» мерекесіне орай ашық кураторлық сағат өткізді. Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында және ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік» аясында ұйымдастырылған іс-шараға «Мемлекетке тарапынан жастардың идеяларына берілетін көмек» тақырыбында «Qolday» кәсіпкерлік орталығының, «Атамекен» ҰКП және ЮНИСЕФ халықаралық ұйымының сертификатталған бизнес-тренері, «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы, PhD Жолдасбекова Гүлбақыт Жолдасбекқызы шақырылды.
Ашық кураторлық сағатта жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша «Мемлекет тарапынан жастардың идеяларына берілетін көмек» тақырыбында өзекті мәселелер қозғалып кедейлік стратегиясынан – байлық стратегиясына, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы, тиімді депозиттер, инвестиция, алуға болмайтын несиелер, жеңілдетілген несие, несие берешектерінен қалай құтылуға болады және т.б. әр түрлі көпшілікке пайдалы сұрақтарға жауап беріліп, пікір-таластар орын алды.