
ЦУР 1 "Кедейлікті жою"
2024 жылы 23 қарашада "Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы" ТМД 01 - "Кедейлікті жою" тақырыбында іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға заң факультетінің 102 тобы және эдвайзер, заң ғылымдарының докторы,профессор Ибраева Алуа Саламатовна ат салысты. Ұйымдастырушылар 102 топ студенттері Азаматқызы Жұлдыз және Дәуренқызы Іңкәр.
Кедейшілікті жою мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мәселесін көздей отыра "Шұғыла" қайырымдылық қорымен бірлесе жұмыс жасап, Гүлбақша есімді 6 балалы ананың отбасына бардық. Отбасында асыраушысы жоқ, ал балалардың барлығы кәмелетке толмаған.
Отбасы Қызылорда облысынан келді. Оның баспанасы жоқ, уйді жалға алып отыр. Іс-шара барысында студенттер қажетті азық-түліктерді отбасы мүшелеріне табыстады. Сондай-ақ балалармен тіл табысып,бала құқығын қорғау мәселесіне назар аударды. Профессор Ибраева Алуа Саламатовна сөз сөйлеп, күміс алқалы анаға жылы тілектері мен өз атынан сыйлық табыстады.
Біздің мақсатымыз- әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету! Әлеуметтік әділетсіздікті жою мәселесі қоғамның тұрақты дамуы үшін маңызды, ал студенттердің бұл үдерістегі рөлі ерекше.
Әрбір отбасы өмір сүруге,ал әрбір бала бақытты болуға лайықты! Мұндай іс-шаралар болашақ заңгердің дүниетанымына, кәсіби біліктілігіне әсер ететіні сөзсіз.