Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін сақтау және ұлттық валютаны құрметтеу.Farabi University

Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін сақтау және ұлттық валютаны құрметтеу.

25 қараша, 2024

Экономикалық тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің егемендігінің негізі. 21 қараша күні тұрақты даму ТМД 4-інші мақсаты «Сапалы білім беру», ТДМ-8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету мен барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу бойынша «Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін сақтау және ұлттық валютаны құрметтеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл іс-шара барысында экономикалық тәуелсіздікті сақтау – тек ұлттық валютаға ғана емес, өндіріс пен өнеркәсіпті дамытуға байланысты деген тұжырым талқыланды. Ел болашағын жарқын етуге бағытталған тиімді әрекеттер жасалуда. Дөңгелек үстел Экономика БББ 2 курс, қазақ бөлімінің студенттері мен топ кураторының қатысуымен өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның экономикалық дербестігін қамтамасыз етудің маңызы, ұлттық валютамыз – теңгенің тарихы мен оны құрметтеудің қажеттілігі жан-жақты талқыланды. Экономикалық тәуелсіздік – ел болашағының кепілі! Теңгені құрметтеу – өз мемлекетімізге деген құрметіміз!

Куратор Андабаева Г.К.