Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің заң мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру форумы өттіFarabi University

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің заң мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру форумы өтті

25 қараша, 2024

Ағымдағы айда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті, кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық оқытушылық құрамы, атап айтсақ, кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының докторы, профессор Қуаналиева Г.А., кафедра профессоры, заң ғылымдарының докторы Байдельдинов Д.Л. және заң ғылымдарының кандидаты, профессор Айгаринова Г.Т. Қытай демократиялық республикасының Шанхай қаласында іс сапармен барып қайтты. 
Шанхай қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымдары мүшелерінің қатысуымен, заң жоғары оқу орындары ассоциациясының Шанхай Саяси-заң университетінің ұйымдастыруымен ШЫҰ-ға мүше елдердің заң мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру форумы өтті. 
Аталмыш форумда Модератор: ЛоЛиган, Шанхай Саяси-заң университетінің проректоры, ШЫҰ-ға арналған халықаралық заң даярлығы және ынтымақтастық орталығы Кеңсесі бастығының бірінші орынбасары болды. Сонымен қатар, 
Шанхай Саяси-заң университетінің ректоры, ШЫҰ-ға арналған халықаралық құқықтық дайындық және ынтымақтастық орталығы Кеңсесінің бастығы Лю Слоунның құттықтау сөзін баяндады. 
Форум барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымдары мүшелерінің құқықтық кадрларын дайындау, адвокаттарды оқыту курстары, агенттерді дайындау, барлаушыларды жаттықтыру, кибер қауіпсіздік полицияларын дайындау сияқты мәселелер қаралды. 
Шанхай-гүлденген, ашық, инклюзивті және сәнді әлемдік маңызы бар мегаполис. Шанхай-Қытайдың жаңа тарихының бай мәдени мұралары мен көптеген тарихи ескерткіштері бар Қытайдың сауда-экономикалық, қаржылық, кеме қатынасы және ғылыми-инновациялық орталығы. Қала арқылы Қытай мен әлемнің басқа мәдениеттері мен экономикалары арасында белсенді алмасулар мен өзара қарым-қатынастар жүріп жатыр.