Сапалы білім беру: болашақтың мамандықтарыFarabi University

Сапалы білім беру: болашақтың мамандықтары

25 қараша, 2024

БҰҰ-ның ТДМ №16 “Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттарды” жүзеге асыру мақсатында және Қазақ Ұлттық Университетінің 90 жылдығының аясында, заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс-жүргізу,  еңбек құқығы  кафедрасының аға оқытушысы А.А. Урисбаеваның ұйымдастыруымен  304 топ студенттері Медеу аудандық сотында судья Умбеталиева Камшат Мелисовнамен, төраға Амиров Мухтар Мухаметказинович, кеңсе меңгерушісі Аманбаева Перизат Асубаевнамен кездесіп дөңгелек стөл  өткізді.
Сапалы білім беру: Болашақтың мамандықтары тақырып барысында білім беру сапасы - бұл елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізі ретінде танылады. Себебі қазіргі кезде әлемде білім беру жүйесі өзгерістерге ұшырауда. 
Жасанды интеллект, IT технологиялар сынды салалар болашақ мамандықтарға жағашыл  жол ашып отыр.  Жастарға сапалы білім беру арқылы олардың осы бағыттарда бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуіміз керек. 
Болашақтың мамандықтары тек техникалық білімді ғана емес, сыни ойлау, креативтілік, коммуникация және эмоциялық интеллект сияқты дағдыларды да қажет етеді. Білім – болашаққа инвестиция, сондықтан сапалы оқыту – мықты қоғамның кепілі ретінде, кездесу барысында соттың жұмысының маңыздылығымен таныстық.