Театр-рухани азық Farabi University

Театр-рухани азық 

25 қараша, 2024

8 қараша 2024 жылы «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасының оқытушысы Советхан Ш.Д. 107- топ студенттерімен бірге ТДМ 4 «Сапалы білім» тақырыбын негізге ала отыра Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып «Қызыл орамалды-Шынарым» қойылымын көріп қайтты. 
💠 Қойылым студенттердің әдемі өнерді түсінуге, бағалауға, адам болмысын тереңірек тануына мүмкіндік берді.

💠 Студенттер қойылымды көргеннен кейін оны өзара талқылап, өз көзқарастарын білдірді. Бұл сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Мұндай тәжірибе сапалы білімнің бір бөлігі болып табылады, себебі бұл қабілет оқушылардың өмірлік мәселелерге, теориялық білімдерге көзқарасын кеңейтеді.
⚖️ «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасы