Сапаны қамтамасыз ету – қазіргі заманның басты талабыFarabi University

Сапаны қамтамасыз ету – қазіргі заманның басты талабы

25 қараша, 2024

Жыл сайын 10 қараша күні Дүниежүзілік сапа күні атап өтіледі. Осы атаулы күнге арналған ТДМ-4  «Сапалы білім беру» және ТДМ-8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағыттарына сәйкес Экономика ББ 2курс студенттерімен «Сапаны қамтамасыз ету – қазіргі заманның басты талабы» атты тақырыпта студенттер арасында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында дүниежүзілік сапа күнінің қаншалықты маңызды оқиға екендігі, сапа мәселесі әлемнің жетекші елдерінің экономикасындағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылатындығы жайында және замануи жағдайда сапаны қамтамасыз ету және оларды есепке алу, сапалы қызмет көрсету нарықтық экономикада маңызды рөл алатындығы талқыланды.  

Қазіргі жағдайда сапа – кез келген кәсіпорынның, кез келген саланың және әрбір елдің табысының кепілі болып табылады.

Куратор Андабаева Г.К.