ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШІ-КӨН ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАДЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛІК ҮСТЕЛ ӨТТІ

25 қараша, 2024

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық көші-қон процесінің өзекті трендтері: сынтегеуріндер мен преспективалар»  атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – халықаралық көші-қон мәселелері бойынша жаңа шынайылық пен тұрақты даму контекстінде көпжақты диалогты нығайту. Дөңгелек үстел жұмысына сарапшылар мен ғылыми қауым өкілдері, тәжірибешілер, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Гульнара  Серикбаевна  Байкушикова  ашып, көші-қон тақырыбының қазіргі заманғы халықаралық үдерістердегі және ғылыми зерттеулердегі маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті міндетін атқарушы Лейла Федоровна Деловарова «Қауіпсіздік, ынтымақтастық және тұрақты даму контекстіндегі қазіргі көші-қон үдерістерінің өзекті тенденциялары: Еуразия кеңістігі мысалында» тақырыбында баяндама жасады.

Жалиев Нурхан Бухарбайулы  «Отандастар» қорының Аналитика және стратегиялық даму департаментінің басқарушы директоры

«Қазақстанның диаспоралық саясатының коммуникациялық стратегиясы: миграцияның өзекті үрдістері контексінде».

Храмова Марина Николаевна  Ресей ғылым академиясының Федералды ғылыми-зерттеу социологиялық орталығының Демографиялық зерттеулер институтының директоры «Үлкен Евразия елдеріндегі Ресей соотечествениктері: қабылдаушы қоғаммен өзара әрекеттесу және бейімделу стратегиялары (Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мысалында)».

 

Ракишева Ботагоз Ислямовна, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, Қазақстандағы Әлемдік қоғамдық пікір зерттеушілері ассоциациясының (WAPOR) ұлттық өкілі «Шетелдегі қазақтар: негізгі тенденциялар, елдер, мотивтер».

 

Дживага Денис Андреевич, Қазақстанның Халықаралық адам құқықтары бюросының (ҚХАҚБ) директоры «Геосаяси процестердің Орталық Азиядағы миграциялық жағдайға әсері».

 

Дискуссия барысында сөз сөйлегендер:

Курманғожин Рустем Салимович, дипломат, профессор;

Гүлнаш Асхат, PhD докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі;

Кожирова Светлана Басиевна, ҚР МНВО Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері.

 

Мурад Фуриддинович Шамилов, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аға оқытушысы;

Баймагамбетова Зульфия Мажитовна, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және ынтымақтастық жөніндегі орынбасары.

Дөңгелек үстел БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ), атап айтқанда ТДМ 10 (теңсіздіктерді қысқарту) және ТДМ 17 (орнықты  даму мақсаттары  үшін серіктестіктер) сілтемелеріне назар аудара отырып ұйымдастырылды.

ҚазҰУ барлық 17 ТДМ-ді ілгерілетуде белсенді жұмыс істеп келеді және БҰҰ бағдарламасы - UNAI (Академиялық ықпал) бойынша жаһандық хаб болып табылады. Іс-шара БҰҰ тұралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталығының белсенділерінің қолдауымен өтті.

Жауапты : Деловарова Л.Ф.

Дөңгелек үстелді ұйымдастыру комитеті: Байкушикова Г.С., Деловарова Л.Ф., Ермеков А.Б., Исаева Д.А..