- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан өңірлерінде табыс теңсіздігі және кедейлік деңгейін төмендетуге шағын және орта кәсіпкерліктің әсерін әлеуметтік турбуленттіліктің жергілікті тәуекелдерін азайту тұрғысында зерттеу
Қазақстан өңірлерінде табыс теңсіздігі және кедейлік деңгейін төмендетуге шағын және орта кәсіпкерліктің әсерін әлеуметтік турбуленттіліктің жергілікті тәуекелдерін азайту тұрғысында зерттеу
Экономика және бизнес жоғары мектебі «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, жетекші ғылыми қызметкер Қалиева А.Е. 2024 жылдың 4-12 қараша аралығында AP23489032 «Қазақстан өңірлерінде табыс теңсіздігі және кедейлік деңгейін төмендетуге шағын және орта кәсіпкерліктің әсерін әлеуметтік турбуленттіліктің жергілікті тәуекелдерін азайту тұрғысында зерттеу» ғылыми-зерттеу жобасының шеңберінде Минхо университетінде (Брага қ., Португалия) қысқа мерзімді тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында университеттің жетекші сарапшыларымен әлеуметтік теңсіздік, кедейлік мәселелері және осы мәселелерді шешуге бағытталған шаралар талқыланды. Кедейлік және теңсіздікті азайту БҰҰ-ның тұрақты дамуы және ӘБ тобының 2030 жылға арналған кедейлікті жою және әрбір елде тұрақты негізде жалпы өркендеуге жәрдемдесу мақсаттарының негізі болып табылады. Осыған орай, жоғары құбылмалы ортада шағын және орта кәсіпкерліктің теңсіздік пен кедейлікке әсерін зерттеу үшін қолданылатын әдістерді анықтау үшін университеттің жетекші ғалымдарымен пікір алмасу жүзеге асырылды және жоба аясында жүзеге асырылатын ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты айқындалды.