Республикалық сыбайлас жемкорлыққа қарсы студенттік олимпиада - әділ болашаққа бастайтын қадам!Farabi University

Республикалық сыбайлас жемкорлыққа қарсы студенттік олимпиада - әділ болашаққа бастайтын қадам!

26 қараша, 2024

Республикалық сыбайлас жемкорлыққа қарсы студенттік олимпиада - әділ болашаққа бастайтын қадам!
2024 жылы 26 қарашада «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы Сыбайлас жемкорлыққа қарсы
агенттікпен бірлесіп, ауқымды «Республикалық сыбайлас жемкорлыққа қарсы студенттік олимпиаданы» ұйымдастырды.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында өтті:
ТДМ 16 - «Әділдік, бейбітшілік және тиімді институттар»
ТДМ 17 - «Тұрақты дамуға арналған серіктестік».

Қазакқстанның жетекші жоғары оқу орындарынан келген 20 команда өздерінің, білімін, шығармашылық әлеуетін және адал әрі ашық қоғам құруға деген ұмтылысын көрсетті.

Әр команда жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, жастардың сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрестегі маңыздылығын растады.
Олимпиада жеңімпаздары:

Бірінші орын: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің "Әділет" командасы

Екінші орын: А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің "Заң қорғаушылары" командасы

Үшінші орын: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Интегро" командасы

Барлық қатысушыларға сертификаттар мен вымпелдер табысталды. Командалардың аналитикалық ойлау қабілеті мен шешендік шеберлігін ерекше көрсеткен капитандары арнайы сыйлықтарға - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша оқулықтарға ие болды.

Сонымен қатар, қатысушылар Farabi Hub орталығына экскурсия ұйымдастырып, жаңа буын инновациялары, жасанды интеллект және озық технологиялармен таныстырылды. 

Барлық қатысушыларға эрудициясы, шығармашылығы және әділ әрі адал қоғам құруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің белсенділіктеріңіз - еліміздің жарқын болашағына жасалған қадам!


«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық жене әкімшілік құқық» кафедрасы