"Салауатты өмір салты және бірлік"Farabi University

"Салауатты өмір салты және бірлік"

27 қараша, 2024

24 қараша 2024 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай заң факультетінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Декан кубогы» футболдан турнир өтті. Бұл шара денсаулық пен белсенді өмір салтын насихаттауға бағытталған және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ-3) негізгі қағидаларын қолдайды.  

Турнирге заң факультетінің студенттері белсенді қатысып, спорттық рух пен командалық ынтымақтастықты көрсетті. Ерекше жетістікке Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының 108-топ студенттері жетіп, 1-орынды иеленді. Бұл жеңіс жастардың денсаулық сақтау, спорт арқылы серіктестік пен әлеуметтік жауапкершілікті нығайту бағытындағы күш-жігерін айқын көрсетеді.  

Мұндай шаралар университет қабырғасында салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, студенттердің бірігіп, қоғамдық маңызы бар құндылықтарды қолдауына ықпал етеді.