BI Group-пен мансаптық мүмкіндіктер мен серіктестікFarabi University

BI Group-пен мансаптық мүмкіндіктер мен серіктестік

27 қараша, 2024

Құқықтану факультетінің студенттері кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті Б. Қонысбайдың жетекшілігімен 21 қараша күні сағат 16:30-да Тұрақты даму  мақсаты № 17 аясында BI Group кеңсесінде өткен таныстыру шарасына қатысты. Бұл іс-шара "Құқықтану", "Қаржы", "Есеп және аудит", "Экономика" және "HR" бағытындағы студенттер үшін ұйымдастырылды. Қатысушылар компаниядағы тағылымдама мүмкіндіктері, мансаптық өсу перспективалары туралы ақпарат алып, ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Іс-шара бейресми ортада компания өкілдерімен пікір алмасу мүмкіндігін берген кофе-брейкпен аяқталды.