Тірі тарих: студенттер желтоқсан айының ардагерлерімен кездесті

27.11.2024 ж 13.00-15.00 уақыт аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттік қалашық дирекциясының, Қазақстан тарихы кафедра басшыларының ұйымдастыруымен «Өскелең ұрпаққа ұлттық рух пен тәрбие беру» мақсатында Республикалық Желтоқсан ақиқаты ұйымының мүшелері, желтоқсан ардагерлері М. Бейдалы, С.Ж. Әбуғалиұлы, Д.Қ. Дыбысұлы, Е.Т. Қалшаевтармен тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Д.С. Байгунаков, т.ғ.к., доцент Е. Ноянұлы, т.ғ.к., аға оқытушы Ж.М. Арынов, және 1-курс студенттері қатынастынасқан дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстел барысында студенттердің көкейтесті сұрақтарына ардагерлер желтоқсан көтерілісі туралы мағлұматтармен бөлісті. Кездесу соңы студенттердің ұйымдастырған ән кешіне ұласты.
Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., доцент Е.Н.Ноянов, т.ғ.к., аға оқытушы Ж.М.Арынов
Басқа жаңалықтар


