"Сапалы білім-саналы тәрбие"Farabi University

"Сапалы білім-саналы тәрбие"

2 желтоқсан, 2024

ТДМ-4 "Сапалы білім "қағидасын іске асыру мақсатында және ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аясында заң факультетінің 306 тобының студенттері мен "Азаматтық құқық және азаматтық процесс, еңбек құқығы" кафедрасының аға оқытушылары А. А. Урисбаева мен А. Т. Муксинованың қатысуымен "Сапалы білім-саналы тәрбие" тақырыбында іс-шара өткізді.

Іс-шара Алматы қаласы, М.Мәметова атындағы орта мектептің 11 сынып оқушыларының белсенді қатысуымен ұйымдастырылды. "Сапалы білім - саналы тәрбие" тақырыбын талқылау барысында білім беру адамның болашағына, оның тұлға ретінде қалыптасуына және оның қоғамдағы орнына қалай әсер ететіні қарастырылды.

Адамгершілік пен жауапкершілік сияқты адами қасиеттерді дамытудағы тәрбиенің рөлі де атап өтілді.           

Іс-шараның мақсаты: оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, болашақта дұрыс таңдау жасауға ықпал ету, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерді дамыту.

Талқыланатын негізгі мәселелер:

1. Сапалы білім берудің адам болашағына әсері.

2. Тұлғаны қалыптастырудағы саналы тәрбиенің рөлі.

3. Білім мен тәрбиенің өзара байланысы.

4. Қоғамның пайдалы және жауапты азаматы болудың маңыздылығы.

5. Өмірде дұрыс таңдау үшін білім мен тәрбиенің қажеттілігі.

"Сапалы білім - саналы тәрбие" тақырыбындағы іс-шара оқушылар, студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара түсіністік пен құрметті нығайтуға ықпал етті. Жастардың санасына оң әсер етіп, оларды білім мен тәрбиенің маңыздылығын түсінуге және болашақта жауапкершілікпен әрекет етуге ынталандыруға бағыттады.