Магистранттар тағылымдаманың кезекті кезеңін аяқтады
3 желтоқсан, 2024
2024 жылғы 25 қарашадан 9 желтоқсанға дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша магистранттары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтуде.
Бағдарлама аясында магистранттар 2024 жылғы 4 желтоқсанда 14:00-ден 17:00-ге дейін өткен экономика ғылымдарының докторы, профессор А. А. Адамбекованың "Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау" пәні бойынша дәрісіне қатысты.
Дәріс барысында қатысушылар:
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың заманауи әдістерімен танысты.
- Ғылыми жобаларды жоспарлау және басқару тәсілдерін зерттеді.
- Ғылыми зерттеулердің сапасын арттырудың практикалық әдістерін талқылады.
Бұл іс-шара магистранттарға теориялық білімдерін нығайтуға және жеке ғылыми зерттеулерін жүргізуге қажетті практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар
3 ақпан, 2025