
2024 жылдың 29 қарашасында «ТДМ 2 Аштықты жою» мақсатында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушысы Базартаева Е.Б. жетекшілігімен Құқық қорғау органдары мамандығының 213 топ студенттері N18 жатақханаға барып аштықты жою мәселесіне назар аударып, біз бірлесіп, қоғамға пайда тигізу мақсатында қайырымдылық жоба, яғни, жәрмеңке ұйымдастырдық.
Бұл жоба аясында топ мүшелері үйлерінен түрлі дәмді тағамдар әзірлеп әкелді. Әкелінген тағамдар студенттердің жатақханасында сатылымға қойылды. Сатылым өте жақсы өтті, себебі біздің басты мақсатымыз – тек тамақ сатумен шектелмей, адамдарға аштықты жою қажеттілігі туралы ой салу болды. Жиналған қаражат толығымен қайырымдылыққа жұмсалды. Яғни, құрылыс болып жатқан «Нұр-Мүбәрәк Қоры» на аударылды.
Осындай игі істердің арқасында біздің қоғам мейірімді әрі бір-біріне қамқор болатынына сенеміз. Аштықты жою жолында бір қадам жасап, біздің кішігірім бастамамыз үлкен өзгерістерге жол ашса екен деп үміттенеміз!
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық жене әкімшілік құқық» кафедрасы