ТДМ 6 Таза су және санитарияFarabi University

ТДМ 6 Таза су және санитария

25 қараша, 2024

«Samal su» өндірісі (ТДМ 6 «Таза су және санитария» аясында)

2024 жылғы 25 қарашада «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Дарханова С.Д. заң факультетінің 202 тобының студенттерімен бірге *«Samal su»* компаниясының өндірісіне экскурсия ұйымдастырды.  

Экскурсия БҰҰ-ның *Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 6) «Таза су және санитария»* аясында өткізілді. Студенттер су өндірудің толық процесімен және оны тазарту жүйесімен танысуға ерекше мүмкіндік алды.  

Экскурсия барысында қатысушылар:  
 Құтылардың ақауларын тексеру және олардың санитарлық өңдеу кезеңдерінің қалай жүзеге асырылатынын білді.  
 Өндіріс орнындағы негізгі нысан – *300 метрден астам тереңдіктегі ұңғыманы* өз көздерімен көрді. Ол таза судың қайнар көзі болып табылады.  

*«Samal su»* зауытының басшылығына қонақжайлығы мен танымдық экскурсия үшін алғысымызды білдіреміз! Мұндай іс-шаралар студенттерімізге табиғи ресурстарды сақтау және заманауи санитарлық стандарттарды енгізудің маңыздылығын тереңірек түсінуге көмектеседі.