«Денсаулық қозғалыста» тақырыбында спорттық іс-шараларFarabi University

«Денсаулық қозғалыста» тақырыбында спорттық іс-шаралар

4 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 4 желтоқсанында ТДМ №3 "Жақсы денсаулық және әл-ауқаты" іске асыру аясында, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының бастауымен 209 топ студенттері «Денсаулық қозғалыста» тақырыбында спорттық іс-шаралар өткізді.
Іс-шаралар барысында қатысушылардың денсаулығын нығайтуға және жақсы дене формасын сақтауға бағытталған түрлі дене шынықтыру белсенділіктерді ұйымдастырылды. 209 топ студенттері кафедра оқытушыларымен бірге таңертеңгілік жаттығулар, спорттық ойындар бойынша мастер-класстар мен салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы дәрістер өткізді.
Бұдан басқа, бағдарламаға қатысушылары интерактивті сабақтар арқылы стресстің алдын алу және психологиялық салауаттылықты сақтау тәсілдерін қарастырды.
Барлық қатысушылар мұндай бастамалардың денсаулық пен аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастырудағы маңыздылығын және БҰҰ мәлімдеген тұрақты даму мақсаттарына толық сәйкестігін атап өтті.