«Тәуелсіздік тұғырым»Farabi University

«Тәуелсіздік тұғырым»

4 желтоқсан, 2024

 5 қараша 2024 жылы «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасының оқытушысы Советхан Ш.Д. 107 топ студенттерімен бірге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 90 жылдығына орай Заң факультеті бойынша студенттер үйінде «Тәуелсіздік тұғырым» атты іс-шара іс-шара өткізді.

 Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 90 жылдығына арналды.

 Іс-шара барысында студенттер ойындар арқылы білім алмасып, бір-бірімен қызықты әрі маңызды тақырыптар бойынша пікір алмасты. Бұл оқу мен тәрбие үрдісін тереңдетуге және студенттердің ой-өрісін дамытуға үлкен үлес қосты.

 90 жылдық мерейтой аясында ұйымдастырылған бұл шара университеттің тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтауға зор мүмкіндік берді.