- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Криминалисттің үздік альбомы» атты Республикалық байқаудың жеңімпаздарының марапаттау рәсімі
«Криминалисттің үздік альбомы» атты Республикалық байқаудың жеңімпаздарының марапаттау рәсімі

«Криминалисттің үздік альбомы» атты Республикалық байқаудың жеңімпаздарының марапаттау рәсімі
2024 жылғы 28 қарашада әл-Фараби атындағы кітапханада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Құқықтану факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы ұйымдастырған республикалық «Криминалисттің үздік альбомы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқау «Рухани жаңғыру» жобасы аясында және ТДМ 4 «Баршаға инклюзивті және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алуға жәрдемдесу» мақсаттарына сәйкес өткізілді.
Байқау 2024 жылдың 1 қазанынан 9 қарашасына дейін «Қылмыспен күресу мәселелерін зерттеу орталығымен» бірлесіп ұйымдастырылды. Оған 6В12301 «Құқық қорғау қызметі» және 6В04205 «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының 3 және 4 курс студенттері қатысты.
Қатысушылар арасында Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері болды:
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
* Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
* «Тұран» университеті;
* Қонаев университеті;
* Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті;
* Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата университеті.
Байқаудың негізгі мақсаты – қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу кезінде арнайы білімді тиімді пайдалануды оңтайландыру, ғылым мен тәжірибенің байланысын нығайту, сондай-ақ жоғары оқу орындарының бакалавриат студенттерінің жеке идеялары мен дағдыларын дамыту.
Марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға арнайы дипломдар табысталды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға I, II және III дәрежелі дипломдар берілді. Барлық студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз!
Басқа жаңалықтар


