«Аяқ киім ізінің үздік гипсті қалпы» халықаралық байқауының марапаттау рәсімі

«Аяқ киім ізінің үздік гипсті қалпы» халықаралық байқауының марапаттау рәсімі
2024 жылғы 28 қарашада әл-Фараби кітапханасында Құқықтану факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары ұйымдастырған «Ең үздік аяқ киім ізінің гипс құймасы» атты халықаралық байқаудың марапаттау рәсімі өтті. Байқау БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 4-тармағын жүзеге асыру аясында өткізілді: «Баршаға инклюзивті және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алуға мүмкіндік беру».
Байқау 2024 жылдың 1-12 қазаны аралығында 6В12301 «Құқық қорғау қызметі» және 6В04205 «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының 3 және 4 курс студенттері арасында өтті.
Қатысушылар:
Байқауға келесі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты:
✓ Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақтар университетінің Алматыдағы филиалы
✓ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
✓ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
✓ «Тұран» университеті
✓ Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
✓ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
✓ Қонаев университеті
Байқау нәтижесінде 7 университеттен 45-тен астам топтық жұмыс ұсынылды. Олардың ішінен іріктеу қорытындысы бойынша 20 жұмыс марапаттау рәсімінде дипломдарға ие болды. Жеңімпаздарға I, II және III дәрежелі дипломдарды аға оқытушы С.Ш. Дәубасова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасындағы студенттік ғылыми үйірмесінің жетекшісі және сарапшы-криминалист табыстады.
Ұйымдастырушылар барлық студенттерді байқауға қатысқанымен құттықтап, олардың ғылыми зерттеулерін, еңбекқорлығын және табандылығын жоғары бағалады. Олар студенттердің жұмысы ғылым саласындағы жоғары әлеуеті мен даму ұмтылысын көрсеткенін атап өтті. Болашақта табыс пен жеңістер тілейміз!
Басқа жаңалықтар

