- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазіргі таңдағы дактилоскопия және дактилоскопиялық сараптама» атты ЖОО арасындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
«Қазіргі таңдағы дактилоскопия және дактилоскопиялық сараптама» атты ЖОО арасындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттау

«Қазіргі таңдағы дактилоскопия және дактилоскопиялық сараптама » атты ЖОО арасындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
2024 жылғы 28 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Құқықтану факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары ұйымдастырған «Қазіргі дактилоскопия және дактилоскопиялық сараптама мүмкіндіктері» атты ЖОО арасындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 4-тармағын жүзеге асыру аясында өткізілді: «Баршаға инклюзивті және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алуға мүмкіндік беру».
Байқау екі кезеңнен тұрды және 2024 жылдың 22 қазанынан 2 қарашасына дейін өткізілді.
Байқауға 175-тен астам студент қатысты, олардың ішінде келесі жоғары оқу орындарының өкілдері болды:
* Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті;
* Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақтар университетінің филиалы;
* Қонаев университеті;
* «Тұран» университеті;
* Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің болашақ кәсіби қызметіне деген қызығушылығын қалыптастыру және ынталандыру. Қатысушылар теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының жоғары деңгейін көрсетті.
Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздарға I, II және III дәрежелі дипломдар табысталды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға дактилоскопияға деген қызығушылықтары үшін алғыс айтып, оларға оқуда және кәсіби қызметте табыс тіледі.
Басқа жаңалықтар

